Спасибо ваша заявка принята

Артқа
Қапенова Мадина
m.kapenova@aurora.kz
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқарушы директор
Қапенова Мадина

БИОГРАФИЯ

Қапенова Мадина, іскерлік басқару магистрі. 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Геология және пайдалы қазба байлықтарын барлау» мамандығы бойынша және 2010 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Центрказнедра» өңіраралық департаменті, Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасының жай-күйін зерделеу бөлімінде бастады.

Бүгінде оның жер қойнауын пайдалану саласында 15 жылдық тәжірибесі бар.

2013 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінде жұмыс істеп, бас маманнан бастап жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлімінің басшысына дейінгі жолды өтті.

2020 жылдан 2022 жылға дейін «Geo Contract» ЖШС мемлекеттік органдармен жұмыс бөлімінің бастығы/геолог болып жұмыс істеді. Жұмыстарды жүргізу кезеңінде қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалануға 5 келісімшарт пен 50 лицензия сәтті берілді. Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексті іс жүзінде іске асыруға қатысты.