Спасибо ваша заявка принята
AMG халықаралық тәжірибеге сәйкес геологиялық жұмыстарды қамтамасыз етуге, мәліметтерді жинауға және халықаралық тәжірибелерге сәйкес жоба мен жобалауды бағалау шарттарының толық диапазонына арнап әзірленген геологиялық барлау жұмыстары бағдарламаларының тәуелсіз бағалау қызметін ұсынады. Бұл жұмыс жиналған ақпараттың көпшілікке жария ету, ресурстарды бағалау, жобаны әзірлеу, рұқсат беру талаптары және геологиялық барлау үшін сенімді болатынына кепілдік береді.
AMG жер қойнауын пайдаланушылар үшін асыл, түсті және полиметалл кендерін барлау бойынша бірқатар жобаларды әзірлеуде бай тәжірибеге ие. Барлау бағдарламалары таңдалған мақсатты аймақтарға негізделгіп жүзеге асырылады. Бұндай жұмыстар қатарына объект бойынша барлау деректерін жинау және талдау, геологиялық және геофизикалық интерпретациялау, іздеу және барлау стратегияларын анықтау кіреді. Жер қойнауын пайдаланушымен келісім бойынша геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламалары іске асырылуда. Жұмыс бағдарламалары егжей-тегжейлі геологиялық түсіру, геохимиялық сынамаларды алу, геофизикалық барлау, қазаншұңқырлар мен орларды ұңғылау және бұрғылау жұмыстарын қамтуы мүмкін.
AMG халықаралық тәжірибеге сәйкес жоспарлау кезеңінен бастап далалық және камералдық жұмыстарды тікелей орындауға дейін геологиялық барлау жобасын толық басқаруды жүзеге асырады.
AMG имеет обширный опыт оценки, технического аудита и анализа минеральных ресурсов и минеральных запасов с использованием как прикладных, так и геостатистических методов. Отчеты составляются в соответствии с применимыми правилами по ценным бумагам (NI 43-101 Technical Reports, JORC Code).
AMG технологиялық зерттеу бағдарламаларын әзірлеу және бағалау қызметтерін ұсынады. Көрсетілетін қызметтер қатарына кен орындарының минералогиясы мен материалдық құрамын бағалау, сынамаларды іріктеудің оңтайлы бағдарламасын әзірлеу, тікелей сынама алу, жабдықты таңдау, технологиялық сынамадан өткізу процесін жүргізу, байытудың технологиялық схемаларын әзірлеу, қалдықтардың сипаттамасы, күрделі шығындарды бағалау, құрылысты жоспарлау және пайдалану шығындарын болжау кіреді.< /p>
AMG пайдалы қазба кен орындарын өндіріске енгізу тәжірибесі бар тау-кен және геологиялық саладағы жоғары білікті мамандар қызметін ұсынады. Мүлікті бағалау барлық деңгейде тау-кен өнеркәсібінің барлық шикізат секторлары клиенттері үшін жүргізіледі және оның ішіне алдын ала бағалаудан (PFS) бастап толық техникалық-экономикалық негіздеме жасауға (FS) дейінгі жұмыстар кіреді. Компанияда жетекші сарапшылардан құралған зерттеулердің бағытын анықтап, басқарылуын жүзеге асыратын негізгі топ бар. Оларға штаттағы сарапшылар әрбір жобаның қажеттіліктерін өтеуге қажет ең жақсы білімдерін ұсыну арқылы қолдау көрсетеді
AMG жерүсті және жерасты кеніштерін егжей-тегжейлі жобалауға маманданған тәжірибелі тау-кен инженерлерінің қызметтерін ұсынады. Бұған қоса компания өндіріс процестерін егжей-тегжейлі жобалау мен жабдықты таңдау бойынша қызметтерді қоса алғанда, өндірісті жоспарлау және тау-кен жұмыстарына тікелей объектідегі инженерлік қолдау көрсетеді.
Компания жобаның инфрақұрылымын жобалау қызметтерін ұсынады, соның ішінде автомобиль жолдары мен темір жолдарын салу, әкімшілік және өндірістік ғимараттарды жобалау және салу, электр энергиясын өндіру және тарату, сумен жабдықтау және ағынды суларды тазарту және т.б.
Тиісті тексеріс есептері құрамында тау-кен жобасының техникалық аспектілері бойынша қорытындылар бар, сонымен қатар онда жобаның жалпы дизайны мен өнімділіктің болжамдары, сондай-ақ жобаның негізгі сипаттамалары мен тәуекелдерін нақты талқылау қамтылған. Кешенді тексеріс аясында жобаның техникалық, қаржылық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері зерттеледі. Компания мамандары пайдалану шығындары, әдістері, процедуралары және іске қосылған тау-кен жобасының өнімділігі бойынша ағымдаға кеңес бере алады.
2019 жылдың қазан айында Aurora Minerals Group және RPA Inc. Қазақстан мен Орталық Азиядағы геологиялық барлау саласына кең ауқымды кеңес беру қызметтерін көрсету үшін бірлесіп жұмыс істейтін негізгі қызметтер туралы келісімге қол қойды.
RPA барлық халықаралық есеп беру стандарттары мен кодтарына (Канададағы CIM, Ұлыбританиядағы PERC, Оңтүстік Африкадағы SAMREC, Австралиядағы JORC және АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы) сәйкес минералды ресурстар мен пайдалы қазба байлықтарының қорын бағалау, аудитін жүргізу және талдау саласындағы әлем көшбасшысы болып табылады. RPA-ның геологиялық, тау-кен және металлургиялық мәселелер бойынша жұмыс істейтін тобы 35 жылдан астам уақыт бойында халықаралық сараптамалар өткізіп, кеңес беріп келеді.