Спасибо ваша заявка принята

Артқа
Компаниялар тобы
Біздің ұстанымдарымыз
  • Қауіпсіздік

  • Этикалық стандарттар

  • Сапа

  • Инновациялар

  • Қауіпсіздік

    Денсаулық сақтау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

    Еңбек қауіпсіздігі компанияның негізгі құндылықтарының бірі және әрбір қызметкердің жауапкершілігі болып табылады. Компания қызметкерлердің, тұтынушылардың, мердігерлердің денсаулығын сақтау, еңбегін қорғау және қауіпсіздігі, сондай-ақ тұрғылықты және жұмыс орындарындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары стандарттарға берік міндеттемені ұстанады.

    Біз келесі міндеттемелерді қабылдаймыз:

    • әрқашан және кез келген жағдайда қызметкерлеріміздің денсаулығын сақтау, еңбегін қорғау және қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету және жақсартуға ұмтылу;
    • қауіпсіздік талаптарының сақталмауы жағдайларын жою және жазатайым оқиғалардың алдын алу;
    • Ластанудың алдын алу және шығарындыларды шектеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қалдықтарды азайту және қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту;
    • төтенше жағдайлар зардаптарына жедел әрекет ету және жою жоспарларын әзірлеу, іске асыру;
    • құзыретті органдардың талаптарын ескере отырып, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету.
    • біздің денсаулық сақтау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саясаттарымыз, стандарттарымыз, бағдарламаларымыз және әрекеттерімізді мүдделі тараптармен талқылау және оларды түсінуіне ұмтылу;

    Мүдделі тараптар үшін маңызды және жаһандық маңызы бар салалардағы көрсеткіштерімізді мүмкіндігінше жақсарту, олармен денсаулық сақтау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен бастамаларды жүзеге асырудағы табысты тәжірибемізбен бөлісу.

    Біздің команда
    Біздің серіктестер